Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі ұшақ апатқа ұшыраған орынды көрсетті

Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі Камчаткада жолаушылар ұшағының апатқа ұшыраған орнын көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бейнежазбада әуе кемесі қонар кезде соғылған жартас пен сынықтар байқалады. «Ан-26» ұшағы бүгін таңертең радарда көрінбей, жоғалып кеткен болатын. Ұшақ бортында 6 экипаж мүшесі мен 22 жолаушы болған, арасында 2 бала бар. Алдын ала мәлімет бойынша апаттан ешкім тірі қалмаған.