Камчаткадағы ұшақ апаты: қаза тапқандардың мәйіттері судан шығарылуда

Құтқарушылар Камчаткада Ан-26 ұшағы апаты кезінде қаза тапқандардың мәйіттерін тапты, деп хабарлады ТАСС.

«Мәйіттер біртіндеп судан шығарыла бастады. Қаза тапқандардың саны бойынша айтатын болсақ, жағдай уақытқа байланысты үздіксіз өзгеріп отырады», - деді ол.

Ол сот-медицина сарапшылары оқиға орнында жұмыс істейтінін айтты.

Айта кетсек, кеше Камчаткада Палана кентінің маңында «Ан-26» жолаушылар ұшағы құлап, оның сынықтары табылды. Әуе кемесі бірнеше сағат бұрын радарда көрінбей, жоғалып кеткен. Ұшақ бортында 6 экипаж мүшесі мен 22 жолаушы болған, арасында бала бар. Олардың бәрі қаза тапқан болуы мүмкін.