Камчаткадағы ұшақ апаты: жалпы 9 адамның мәйіті табылды

Ресейдегі Камчаткада Ан-26 ұшағы апатынан құрбан болған тоғыз адамның денесі табылды.

Құтқарушылар оларды судан шығаруға кіріскен. Жалпы алғанда ұшақтың бортында 28 адам болған.

Соңғы ақпаратқа сәйкес, тірі қалғандар жоқ. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Еске сала кетейік, кеше Ресейдің Петропавловск-Камчатск қаласынан Ан-26 ұшағы ұшып шығып, Палана ауылына қонардың алдында онымен байланыс жоғалып кетеді. Шұғыл іздеу басталып, құтқарушылар әуе көлігінің сынықтарын әуежайдан 5 шақырымдай жерден тапты. Алдын ала болжамға қарағанда ұшақ ауа райының қолайсыздығынан алаңға екінші рет қонбақ болған кезде апатқа ұшыраған. Апат ұшақтағы ақау немесе ұшқыштың қателігінен болуы мүмкін деген болжам да бар.