Әлемде 3,1 млрд астам адам вакцинаның бірінші дозасын салдырды

Әлемде 3 миллиард 100 миллионнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын салдырды.

Бұл ересек тұрғындардың шамамен 50 проценті. Оның ішінде 885 миллион тұрғын толық екпе алған. Бұл мәліметті Джон Хопкинс университеті жариялады. Ал ковидтен көз жұмғандар саны 4 миллионнан асты. Ең көп өлім-жітім АҚШ-та тіркелген. Одан кейін Бразилия. Ал қауіпті дельта штамын таратқан Үндістан үштікті түйіндейді.