424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында мереке күндері 8 адам суға кетті

  • 91
  • UPD: 15:15, 07.07.2021
Ақмола облысында мереке күндері 8 адам суға кетті

Ақмола облысында өткен мереке күндері 8 адам суға кетті. Бұл айналасы 4 күннің ішінде болған жағдай.

Қайғылы оқиғалар Аршалы, Астрахан, Целиноград және Бурабай аудандары мен Көкшетау қаласының маңайында тіркелген. Мәселен, Зеренді көлінде 31 жастағы жігіт мас күйінде суға түсемін деп мерт болса, облыс орталығының іргесіндегі Шағалалы су қоймасында 47 жастағы әйел көз жұмды. Нұра өзеніне 14 жасар бала батып кетті. Жаз басталғалы аймақта 17 адам суға кеткен.

Құтқарушылардың айтуынша, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Мамандар осы демалыс күндері 30-ға жуық адамды суға батып бара жатқан жерінен аман алып қалған.

Асхат Ақылжанов, облыстық ТЖД Басқарма басшысы:

- Айта кететін нәрсе, қаза тапқан адамдардың барлығы суға түсуге болмайтын жерлерде шомылған. Ал тыйым салынған жерлер өте қауіпті болады. Суасты тасты немесе ұйық болуы мүмкін. Міне ескертуге құлақ аспағанның арты осындай қайғылы жағдайларға әкеліп отыр.

Хабар 24 телеарнасы