424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркияда ақшаның құнсыздануы артты

  • 331
  • UPD: 15:20, 07.07.2021
Түркияда ақшаның құнсыздануы артты

Түркияда инфляция деңгейі соңғы жиырма бес айдағы ең жоғарғы көрсеткішіне жетті.

Маусымда ол 17,53%-ке көтерілді. Былтыр 12,62% болған. Елде тасымал бағасының құны 26%, жиһаз және тұрмыстық заттардың бағасы 25%, азық-түлік пен сусындар және медициналық қызметтер 19%-ке, басқа да тауарлар мен қызметтер 20%-ке өскен. Елдегі инфляция деңгейінің өсуіне байланысты жылжымайтын мүлікті жалдау ақысы да 14,55% шарықтап кетті. \

Түрік статистика комитетінің мәлімдеуінше, елде бағасы ең аз көтерілген спирттік сусындар мен темекі бағасы болды. Коммуналдық газдың бағасы 15, ал электр энергиясының құны 12%-ке өсіп кетті. Бұл жағдай ел билігінің ақша-несие саясатын жеңілдетуге арналған жоспарына қайшы құбылыс. Түркия карантин талаптарын азайтып, тұтынушылардың сенімін арттырғанымен елдің ұлттық валютасы құнсызданып барады.

Хабар 24 телеарнасы