Португалияда індеттің төртінші толқыны басталды

Португалияда коронавирустың төртінші толқыны басталды. Бұл туралы осы елдің Премьер-минисрі Антонио Коста мәлімдеді.

Айтуынша, дертке шалдыққандардың 90 процентінде дельта штамм анықталған. Вирус жұқтыру Еуроодақ пен Ұлыбритания азаматтары үшін шекараны ашқан соң күрт өсіп, індеттің өршуі ақпан айындағы деңгейге жеткен. Дәрігерлер вирусты вакцина салдырмағандар жұқтырып жатқанын айтады. Португалияда қазірге дейін коронавирусқа қарсы халықтың 38 проценті егілген.

Сондай-ақ...