424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Хорватиялық суретші құмға картиналар салады

  • 113
  • UPD: 15:32, 07.07.2021
Хорватиялық суретші құмға картиналар салады

Хорватияның Неретва өзені жағасынан үнемі түрлі геометриялық кескіндер бейнеленген суреттерді көруге болады.

Құмда ғажайып картиналарды салуды Никола Фалер есімді мүсінші әдетке айналдырған. Шебер туындыларын өзеннің суы қайтып, жағалау тазарған кезде салғанды ұнатады. Ал шабытты будда, христиан сынды түрлі діндермен байланысты салт-жоралғылардан алатынын айтады.

Никола Фалер, мүсінші:

- Су толып қайтқан кезде өзен жағасындағы құмды тегістеп, бұрынғы суреттерді шайып тастайды. Сөйтіп, келесі күні сурет салатын алаң дайын болады.

Хабар 24 телеарнасы