Киевте атыс болып, екі адам жарақат алды

Киевтің Голосеевский ауданында болған атыс салдарынан бір полицей мен бір тұрғын жарақат алды.

«Қалада полиция қызметкері мен бейбіт тұрғынды жаралаған адамды ұстау үшін арнайы полиция операциясы енгізілді», - деді қалалық полиция бастығы Андрей Крищенко.

Оның айтуынша, шабуыл жасаған адамды ұстау үшін барлық шара қабылдануда. Аталып өткендей, зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетіледі.

Сондай-ақ...