Испанияда санитарлық ахуал нашарлады

Осыдан бір ай бұрын Испания туристерге шекарасын ашқан еді.

Пиреней түбегіндегі ел келетін саяхатшылар саны жағынан әлемде екінші орында тұр. Туризм саласының үлесі экономиканың 13 процентін құрайды. Алайда демалушыларды жаппай қабылдау санитарлық ахуалға кері әсерін тигізді. Әсіресе танымал шипажайларда вирустың таралуы үдей түсті. Елде вакциналау науқаны қарқынды өтіп жатыр, тұрғындарының жартысынан көбі екпенің алғашқысын салдырды, ал 37 проценті екі рет егілді. Испания біртіндеп шектеулердің күшін жойды, көшеде маска тағудың қажеті жоқ. Дегенмен біраз халық әлі де бетперде тағып жүр. Еуроодаққа мүше елдердің азаматтары Испанияға санитарлық төлқұжатпен келе алады. Ал өзге елдердің тұрғындары Еуроодақта мақұлданған вакцина ектіруі тиіс. Осындай жағдайда вирус қалай тарап жүр деген сауал туындайды. Оның екі себебі бар, біріншіден тез жұғатын дельта штамы, екіншіден жастар арасында екпе салғандар аз. Өйткені оларға жақында ғана вакцина қолжетімді болды. Туристер демалуды ұнататын Каталония өңірінде коронавирус өршіді. Індет жұқтырғандардың орташа жасы 26.

Иньяки Мадрид қаласының тұрғыны:

– Халық шектеу шараларына үйренуі керек деп санаймын. Испанияда тіршілік жандана бастады. Туризм – экономикамыздың және тұрмысымыздың бір бөлігі. Індет тосқауыл болмауы тиіс.

Хуан, турист:

– Мадридке турист ретінде келдім. Осы маусымда мұнда халық қаптап жүретін, ал қазір адам қарасы аз. 

 

Сондай-ақ...