424,15 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҰҰ Бас хатшысы Гаити халқын зорлық-зомбылықтан аулақ болуға шақырды

  • 86
БҰҰ Бас хатшысы Гаити халқын зорлық-зомбылықтан аулақ болуға шақырды

Гутерриш гаитикалықтарды тәртіпті сақтауға және зорлық-зомбылықтан аулақ болуға шақырды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антонио Гутерриш ел президентіне жасалған қастандықтан кейін Гаити азаматтарын конституциялық тәртіпті ұстануға және зорлық-зомбылықтан аулақ болуға шақырды. Бұл туралы сәрсенбіде БҰҰ Бас хатшысының мәлімдемешісі Стефан Дюжарритің хабарлады.

Бас хатшы Гаити Республикасының президенті Жовенель Моиздің қастандықпен өлтірілуін өте қатыгез қылмыс деп айыптайды. Жантүршігерлік қылмысты жасағандар сот алдында жауап беретіндігін ескертті. Сонымен қатар БҰҰ ел президентінің отбасы мен жақындарына көңіл айтып, Гаити халқымен бірге екендігін атап өтті.

Гаити президенті Жовенель Моизді сейсенбіге қараған түні өз үйінде қаскөйлердің шабуылынан қаза тапты. Шабуыл кезінде елдің бірінші ханымы Мартин Моиз де жараланып, ауруханаға жеткізілгеннен кейін ол да қайтыс болды.

Кейінірек сәрсенбіде Премьер-министр Клод Жозеф Үкіметтің республика аумағында әскери жағдай енгізу туралы шешім қабылдағанын және мемлекет шекарасының жабылатынын хабарлады.

 

 

Хабар 24 телеарнасы