Литва Беларусьпен шекарада дуал тұрғызбақ

Литва билігі заңсыз мигранттар ағынын тоқтату үшін Беларусьпен шекарада дуал тұрғызып, аймаққа әскер тартпақ.

Бұл туралы ел премьер-министрі Ингрида Шимоните хабарлады. Сонымен қатар 9 шілде күні Литва билігі уақытша пана сұрау мәселесі жөнінде бірнеше заң жобасын мақұлдамақ. Осыған орай жақын арада парламенттің кезектен тыс сессиясы ұйымдастырылмақ.

Айта кетейік, соңғы тәулікте Беларусьтан Литва аумағына заңсыз кірмек болған 50-ден астам мигрант ұсталды. Ал жыл басынан бері 1,5 мыңға жуық кірме тәртіп сақшыларының қолына түсті.