424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оңтүстік Кореяда пандемияның төртінші толқыны басталды

  • 298
  • UPD: 10:46, 08.07.2021
Оңтүстік Кореяда пандемияның төртінші толқыны басталды

Кеше вирус 1212 адамнан анықталды. Бұл өткен жылдың желтоқсанын айынан бергі тіркелген ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды «Хабар 24».

Науқастардың дені Сеул мен Кёнги провинциясының тұрғындары.

Владислав Цой, тілші:

- Сеул және оған жақын орналасқан Кёнги провинциясы коронавирустың жаңа ошағына айналды. Аймақта сақтық шаралары күшейіп, бір жерде 4 адамнан көп жиналуға тыйым салынды. Мейрамханалар түнгі онға дейін ғана ашық болады. Сондай-ақ тұрғындарға түнгі 10-нан кейін спирттік ішімдіктерді ішуге болмайды. Тәртіп бұзғандарға 100 мың вон немесе шамамен 88 АҚШ доллар айыппұл салынады. Сонымен қатар автобус, метромен жүру уақыты шектелді. Вирус жұқтырғандардың дені 20-30 жас аралығындағы жастар. Олар үшін COVID-19-ға қарсы вакцина егу әлі басталган жоқ. Коронавирустың ошағына айналған мекемелерге жастар көп келеді. Олардың қатарында Сеулдің Мапо ауданындағы мейрамхана мен ағылшын тілін оқыту орталықтары бар. Бұл жерде 326 адам вирус жұқтырған, олардың 9-ында коронавирустың «Дельта» штамы табылды.

О Се Хун, Сеул қ. Мэрі:

- Жекеменшік білім беру мекемелерінің, мейрамханалардың, караоке-барлардың және компьютерлік клубтардың иелері мен қызметкерлерін коронавирусқа тестілеу туралы бұйрық шығардық. Жастар арасында науқастар саны көбейген сайын біз олар баратын орындарды бақылауға алдық. Біз симптомсыз жағдайларды анықтау үшін сол жерде тестілеуді бастаймыз.

Владислав Цой, тілші:

- Елдегі Вакциналау науқанына келсек, оңтүстіккореялықтардың 30%-тен астамы яғни шамамен 15 миллион 400 мың адам екпенің алғашқы дозасын алды. Ал толық вакциналаудан шамамен 5,5 миллион тұрғын өткен.

Естеріңізге сала кетейік, елде AstraZeneca, Pfizer және Moderna, сондай-ақ бір дозалы «Янсен» вакцинасы кеңінен қолданылады. Сеулде мүмкіндігі шектеулі адамдар вакцина алу орнына тегін жеткізіледі. Ел астанасы мен Кенги провинциясы үкіметтің жіті назарында. Егер үш күн ішінде індет жұқтырғандардың саны азаймаса, шектеу шаралары күшейе түседі. Яғни, үш адамнан көп бас қосатын жиындарға тыйым салынып, түнгі ойын-сауық орталықтарының жұмысы тоқталады деген сөз.

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян

Хабар 24 телеарнасы