Қытайдың оңтүстігінде локдаун енгізілді

Қытайдың оңтүстігінде Мьянмамен шекарадағы Жуйли қаласында коронавирус өршіп, локдаун енгізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті мемлекеттік телеарнаның хабарлауынша, мұнда бір күннің ішінде 15 науқас тіркелген. Ал осыдан 2 күн бұрын 6-ақ адам ауырған еді. Қазір мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар жабық. Тек ауруханалар, дәріханадар мен супермаркеттер жұмыс істеп тұр. Билік Жуйлиден себепсіз шығуға тыйым салды. Науқастар жаппай тестілеу кезінде анықталған. Олардың арасында шекара асып сауда жасайтын жергілікті және Мьянма азаматтары бар.