Әлемдік танымал орындаушылардың музыкалық аспаптары аукционда сатылады

Бенни Гудман, Эдди Ван Хален сияқты танымал рок пен джаз орындушылардың музыкалық аспаптары Гюрнсис аукционында сатылымға қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың арасында гитара мен кларнет сияқты аспаптар бар. Шара шілденің 14-і басталып, екі аптаға созылмақ. Аукцион онлайн режимінде өтеді. Жиналған қаражаттың барлығы ауыр дертке шалдыққан музыкант Джейсон Беккердің еміне жұмсалады.

Арлан Эттингер, Гюрнсис аукцион үйінің басшысы:

- Аукционда таң қалатын дүниелер көп. Музыкалық аспаптар әлемге әйгілі жұлдыздарға тиесілі болған. Тіпті атақты режиссер Барри Левин жасаған Майкл Джексонның суреттері де бар.