Майамиде құлаған ғимараттың орнында құтқару-іздестіру операциясы аяқталды

Майами билігі құлаған көп қабатты ғимараттың орнында құтқару-іздестіру операциясының аяқталғанын хабарлады.

Мамандар із-түзсіз қалғандардың тірі қалуы мүмкін емес деген болжамға сүйене отырып, осындай шешім қабылдаған. Қайғылы оқиға маусымның 24-і болған. Құтқарушылар үйінділер астынан опат болған 54 адамның денесін шығарды. Апат нақты не себептен болғаны әлі де анықталған жоқ.