424,46 504.55 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дубайда дайвингке арналған әлемдегі ең терең бассейн ашылады

  • 151
  • UPD: 16:52, 08.07.2021
Дубайда дайвингке арналған әлемдегі ең терең бассейн ашылады

Шілде айында Дубайда дайвингке арналған әлемдегі ең терең бассейн Deep Dive Dubai ашылады.

Бассейннің тереңдігі 60 метрден асады және 14 млн литр суға толы.

Оның астында қараусыз қалған пәтерлер мен кітапханалар, ойын бөлмелері бар тұтас суасты қаласы орналасқан. Nad Al Sheba аймағында орналасқан бассейн келушілерге фридайвинг және басқа жүзу курстарын ұсынады.

Deep Dive Dubai-дің директоры үңгірлерде сүңгудің әлемдік рекордшысы Джаррод Яблонски болды.

Бассейн аумағында дүкен мен мейрамхана орналасқан, кейінірек конференц-зал ашылады.

Бассейндегі тұщы су алты сағат сайын кремнийлі вулкандық жыныстар арқылы айдалады, ультрафиолет сәулесімен және NASA-да жасалған сүзгі жүйесімен өңделеді. Судың температурасы Цельсий бойынша 30 градусқа дейінгі деңгейде тұрады.

Хабар 24 телеарнасы