Токиода төтенше жағдай жарияланды

Жапония үкіметі Токиода 12 шілдеден бастап 22 тамызға дейін төтенше жағдай режимі енгізіледі.

Ел үкіметінің мәлімдеуінше, қалада коронавирус жұқтырғандар саны еселеп артуда. Арасында дельта штамына шалдыққандар көп. Соңғы мәлімет бойынша Жапония астанасында 920 адам ковидпен ауырған. Бұл алдыңғы аптаға қарағанда 206 жағдайға көп. Төтенше жағдай режимі 23 шілдеден 8 тамызға дейін Токиода өтетін Жазғы Олимпиада ойындары кезінде де сақталады. Бұған дейін Олимпиада ойындарының ұйымдастырушылары төтенше жағдай жарияланса, жарыстарды тамашалауға жергілікті көрермендерді кіргізбейміз деп мәлімдеген болатын. Бұл мәселе жақын арада талқыланады.

Ёсихидэ Суга, Жапонияның премьер-министрі:

- Коронавирус штамдарының белсенді таралуын ескере отырып, індетті тежеу үшін бізге шектеу шараларын күшейту қажет. Сондықтан Токиода төтенше жағдай жариялаймын. Ковид ауруханаларындағы науқастар саны азайса, төтенше жағдай режимімінің мерзімін қысқартамын.

Сондай-ақ...