Ресейлік дәрігер денесіне алты чип салдырды

Александр Волчек электронды зат енгізілген қолымен құлыптаулы есіктерді ашады және банк карталарын қолданады.

Ол облыстық ауруханада акушер-гениколог болып жұмыс істейді. Дәрігер алғашқы чипті 2014 жылы салдырған. Басында алтау болған, бірақ біреуінің мерзімі өтіп ескірген. Ол чиптерді жаңа сұранысқа орай ауыстыру еш қиындық тудырмайды дейді. Волчек жартылай адам, жартылай машина болуға екінің бірі келісе бермейтінін алға тартады.

Александр Волчек, акушер-гинеколог:

- Менің қолымда 5 чип бар. Үшеуі мына жерде, біреуі оң қолымдағы ортаңғы саусақта, соңғысы мына тұста. Негізінен ортаңғы саусақты көп қолданамын, солай ыңғайлы. Жеке мәліметтер сол жақтағы білекте сақталады, ал оң жақ білектегі чип көлік жүйелерін қолдануға арналған.

Сондай-ақ...