Тәжікстан Ауғанстаннан 400 босқынды қабылдады

Мигранттар Таулы Бадахшан автономды облысының аумағына орналасқан. Осы оқиғаға қатысты бейнежазба аталған аймақ әкімшілігінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.

Ауғанстандағы жағдай АҚШ әскері шығарылғаннын кейін ушыға түсті. «Талибан» қозғалысы ірі қалаларға шабуыл жасап, ауылдарды басып алып жатыр. Тәжік тарапының ақпараты бойынша тәліптер қазірдің өзінде екі елге ортақ мемлекеттік шекараның 70 процентіне бақылау орнатқан. 5 шілдеде Тәжікстан президенті резервтегі 20 мың азаматты әскер қатарына шақырды.