Ever Given кемесі үш айдан кейін Суэц каналынан шықты

Наурыз айында Суэц каналын жауып тастаған «Эвер Гивен» жүк кемесі өткелді тастап шықты.

Себебі Египет билігі кемені иеленуші және сақтандырушы компаниямен өтемақы төлеу туралы келісімге келіп, оны босату туралы шешім қабылдады. Осылайша 3 айдан астам уақыт ұсталған кеме жіберілді. Наурыздың 24-і күні «Эвер Гивен» жүк кемесі Суэц каналында қайраңға тұрып, өткелден кемелердің қатынауы бір аптадай тоқтап қалған еді. Салдарынан әлем саудасына күн сайын миллиардтаған доллар шығын келді. Кемені құтқару операциясы аяқталған соң Египет билігі кеме иелерінен 1 миллиард долларға жуық өтемақы төлеуін талап етті. Кейін тараптар 540 миллион долларға келіскен.

Сондай-ақ...