Ливанда ұшақ апатқа ұшырап, 3 адам мерт болды

Ливанда ұшақ апатқа ұшырап, 3 адам мерт болды

Ливанда шағын жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, борттағы 1 ұшқыш пен 2 жолаушы қаза тапты.

Оқиға Бейрут қаласынан 10 шақырым жерде болған. Ұшақ Бейрут қаласының әуежайынан шыққаннан кейін 20 минут өткен соң жартасқа соғылды. Болжам бойынша, апатқа ауа райының қолайсыздығы себеп болуы мүмкін. Куәгерлер ұшақтың тұрғын үйдің үстіне құлай жаздағанын айтады. Әуе көлігінің сынықтары мен марқұмдардың денесі тау жақтан табылды. Оқиғаға қатысты тергеу ісі басталды.