«Талибан» тәртіп бұзбауға уәде берді

Соның нәтижесінде «Талибан» қозғалысының өкілдері орталық Азия елдерінің шекарасын аттап өтпейтіні жайында мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ресей тарапы аймақтағы ушығып тұрған жағдайға қатысты өз алаңдаушылығын білдіріп, қырғи қабақ қос тараптың шиеленістің шекарадан аспауы тиіс екенін ескертті. Ал АҚШ президенті Джо Байден 20 жылға созылған соғыстың аяқталуына аз қалғанын тілге тиек етіп, Америка әскерін ауған жерінен шығарса да, алдағы уақытта да Вашингтон тарапынан Ауғанстан үкіметіне көрсетілген көмек тоқтамайтынына уәде берді.

Айта кетейік, аймақта саны недәуір қысқарған АҚШ әскері қазір Кабул қаласында жиналды. Тамыздың 31-іне дейін олар да ауған жерінен шығуы тиіс.

Джо Байден, АҚШ президенті:

Ауғанстан билігі ауызбіршілігін көрсетіп жұмыла кетуі керек. Ел үкіметінің 300 мыңнан астам әскері бар. Әлемнің өзге елдеріндей жақсы дайындық пен қару-жарақпен жабдықталған. 75 мың тәліпке қарсы тұруға қауқары бар. Біз аймақтағы діттеген мақсатымызға жеттік. Алдағы уақытта да бұл елге көмегімізді аямаймыз.

АҚШ пен НАТО ауған жерінен әскерін әкеткеннен кейін «Талибан» қозғалысы елдің біраз бөлігін алып қойды. Бұл тәліптердің Иранмен шекаралас жерді басып алғаннан кейінгі көрініс. Associated Press News ақпарат агенттігінің хабарлауынша, радикалдар Тәжікстан мен Өзбекстан маңындағы екі өткізу пунктін де басып алған.