424,37 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тәжік-қырғыз шекарасындағы атыстан бір шекарашы мерт болды

  • 117
  • UPD: 12:42, 09.07.2021

Қырғыз-Тәжік шекарасындағы атыстан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қырғыстанның кеден қызметінің хабарлауына қарағанда, Баткен облысында өз қызметін атқарып  жүрген қырғыз сарбаздарына Тәжікстанның шекарашылары оқ атқан. Ал Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі баспасөз орталығының мәліметіне сүйенсек, бейсенбі күні шекара күзеткен 4 қырғызстандық сарбазы Соғди облысы, Деваштич ауданына заңсыз өтіп, бірнеше бас жылқы ұрлап, өз жағына айдап өтпек болды. Олардың қолында Калашников автоматы болған. Тәжік шекарашыларының ескертуін елемей, талабына бағынбай оқ атқан. Тәжікстан жағы да қарумен жауап қатып, екі күдіктіні жаралады. Ал Баткен облысының әкімшілігі «оқиға Қырғызстанның Ләйлек ауданында орын алды. Анық-қанығы тексерілуде» дегенді айтты.

Салдарынан тараптар арасында атыс басталды. Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің хабарлауынша, оқиғадан 27 жастағы Қырғызстанның шекарашысы қаза тапты. Тағы екі адам зардап шеккен. Баткен облысының әкімдігі тағы екі қырғыз әскери кепілге алынғанын хабарлайды. Тәжікстан тарапынан да зардап шеккендер мен мерт болғандар бар болуы мүмкін деген болжам бар. Ал Тәжікстанның ұлттық қауіпсіздік  комитеті қаруланған 4 қырғыз шекарашы Тәжікстан аумағына ескертуге қарамастан заңсыз кіргенін айтып отыр. Оқиғаның жай жапсары анықталып жатыр. Екі мемлекеттің жауапты қызметкерлері шекараға келіп, келіссөзді бастап кетті.

Естеріңізге сала кетейік, қырғыз-тәжік шекарасында атыс болғандығы жайында айтқан болатынбыз.

Бұған дейін де шекарада жағдай ушығып, салдарынан бес ауыл эвакуацияланған болатын. Екі ел бірлескен мәлімдеме жасап, кейіннен арадағы мәселе шешілгенін де жазғанбыз.

Осы тақырып бойынша өзге де материалдар:

Тоқаев қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Қырғыз-тәжік шекарасындағы атыстан қаза тапқандар саны 20 адамнан асты

Қырғызстан 1-2 мамырды аза тұту күні деп жариялады

Хабар 24 телеарнасы