Леонардо да Винчи салған аюдың бас суреті 12,2 млн долларға сатылды

Атақты суретші Леонардо да Винчи салған туынды Christie’s (Кристис) аукцион үйінде 12 млн доллар немесе 5,5 млрд тенгеге сатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Итальяндық қылқалам шеберінің салған аю басының нобайы басқа суреттеріне қарағанда ең қымбат бағамен саудаланған. Бастапқыда сарапшылар шағын ғана көлемді сурет 8 млн долларға сатылуы мүмкін деп болжаған еді.  Мамандар сурет 1480 жылы салынғанын айтып отыр. Осыған дейін туынды британдық суретші Томас Лоуренстің қолында болып, 1860 жылы Christie’s ( Кристис) аукцион үйіне сатылған болатын.