Гонконгта 12 млн долларға гауһар тас сатылды

Гонконгта 101.38 караттық алмұрт пішінді гауһар тас аукционда 12 миллион доллардан астам бағаға сатылды.

Алғаш рет мұндай қымбат лотты криптовалюта арқылы төлеуге болады, бірақ сатып алушының бұл мүмкіндікті қолданған-қолданбағаны әлі белгісіз. Сатып алушының аты-жөні де айтылмады.

The Key 10138 деп аталатын бұл гауһар тастың болжамды құны 10 миллионнан 15 миллион долларға дейінгі аралықта болды.