424,60 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Калифорния қуаңшылықтан экологиялық дағдарысқа ұшырады

  • 114
  • UPD: 14:15, 09.07.2021
Калифорния қуаңшылықтан экологиялық дағдарысқа ұшырады

АҚШ-тың батыс өңірі қуаңшылықтың зардабын тартып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақтағы аптап ыстық орманды алқап пен егістікке қауіп төндіріп тұр. Аномальды ауа температурасынан ауыз су қоры таусылып барады. Ауыл шаруашылық мақсатында қолданылатын су тапшылығы пайда болды. Әсіресе, Айова, Миннесота мен Дакотадағы жағдай қиын. Соңғы 40 жылда болмаған қуаңшылықтан Калифорниядағы Солтон-Си көлі тартылып, бұл аймақ экологиялық дағдарысқа ұшырады. Ауылшаруашылық саласы Калифорния экономикасының негізгі драйвері екенін айтып кету керек. Штатта негізінен жеміс-жидек, жаңғақ пен сүт өнімдері шығарылады.

Хабар 24 телеарнасы