424,53 504.60 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Табиғат апаты әлем тұрғындарын әбігерге салды

  • 92
  • UPD: 15:52, 09.07.2021
Табиғат апаты әлем тұрғындарын әбігерге салды

Чехияда ойран салған қатты жел мен нөсер жауын жергілікті халықты әуре-сарсаңға салды.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Писек қаласында желдің екпінінен ағаштар құлап жатыр. Олардың бірі жолда тұрған автокөліктің біріне құлаған. Салдарынан темір тұлпардың ішінде отырған екі адам көз жұмды, тағы екі бала жарақатпен ауруханаға түсті. Табиғаттың тосын мінезінен аймақтағы теміржол қатынасы да тежелді. Ал синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. Айтуынша, жақын арада елдің орталық өңірінде де жауын-шашын жауады.

Төпелеп жауған нөсер Нью-Йорк тұрғындарын да әбігерге салды. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Манхэттендегі метро стансасында судың деңгейі белуарға дейін жетеді. Апаттан аймақтағы көлік қатынасы тежелді. Мамандар күн райының өзгеруін «Эльза» атты тропикалық дауылмен байланыстырады. Қазір ол елдің шығыс жағалауына жақындаған. Белгілі болғандай, дауылдан Флоридада 1 адам қаза тауып, бірнеше тұрғын жарақат алған.

Хабар 24 телеарнасы