Гамбияда дауылдан 10 адам қаза тапты

Гамбияда қатты дауыл салдарынан он адам қаза тауып, 1500-ден астам адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

Табиғи апаттарды жою жөніндегі ұлттық агенттіктің бас атқарушы директоры Сана Дахабтың хабарлауынша, үкімет 1531 адамды мешіттер мен басқа да қоғамдық ғимараттарға орналастырды. Дауыл салдарынан он адам қаза тауып, тағы бірнеше адам жараланды.

Гамбия президенті Адама Барроу шығындарды бағалау үшін шұғыл жиналыс шақырды.

Сондай-ақ...