Германияның автокөлік өндіруші корпорацияларына айыппұл салынды

Осы саладағы бес алпауыт компания Volkswagen, Audi, BMW, Porsche и Daimler құпия сөз байласқан көрінеді.

Осы компаниялардың өкілдері көліктері шығаратын газдарды заң қарастырған мөлшерден көп тазартпауға келісіпті. Сондай-ақ, бұл салада бір-бірімен бәсекелеспеуді шешкен. Мұны білген Еурокомиссия тергеу өткізіп, оларға жаза шығарды. Мәселен, Volkswagen мен BMW 875 миллион еуро төлеуге тиіс. Тек осы айла туралы Еуроодақ органдарына хабарлаған Daimler-ге айыппұл салынған жоқ.

Маргрете Вестагер, Бәсекелестік сауалдары жөнінде ЕО комиссары:

– Автоөндірушілер «AdBlue» заттегін көбірек қосса, бұл газдарды жақсырақ тазартатынын білген. Еуроодақ ережелері қарастырған мөлшерден асыра тазартуға техникалық мүмкіндіктері болған. Бірақ мұны істеудің орнына, құпия сөз байласты.