Бангладештегі өрт: құрбан болғандар саны 50 адамнан асты

Бангладештің Нараянгандж қаласындағы шырын шығаратын зауытта болған өрттен көз жұмғандар саны артуда.

Қазіргі уақытта құрбан болғандар саны 52-ге жетті, деп хабарлады United News of Bangladesh.

Айта кетсек, бейсенбі күні жеті қабатты ғимараттан өрт шыққан, оған дәнекерлеу жұмыстары себеп болуы мүмкін. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұған дейін өрттен 43 адам көз жұмғаны хабарланған.