Австрияда пойыз апатынан 17 оқушы жарақат алды

Австрияның орталық бөлігіндегі Зальцбург федералды жерінде аймақтық пойыз рельстен шығып кетті, бір вагон Мур өзеніне құлады.

Оқиға салдарынан 17 оқушы жеңіл жарақат алған. Пойыздағы барлық жолаушы Австрия азаматтары болы шықты.

«Пойызда 54 оқушы болған, 17 адам жеңіл жарақат алды. Төртеуі ауруханаға түсті, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», - делінген.

Оқиға орнына 30 құтқарушы, он жедел жәрдем және бір тікұшақ келді. Қазіргі уақытта құтқару операциясы аяқталды.

Пойызда барлығы үш вагон болған. Оқиғаға ағаш тамырына немесе ауа райының қолайсыздығына байланысты теміржолдың зақымдануы себеп болуы мүмкін.