Таиландта шектеу шаралары қайтадан күшейтіледі

Таиланд тағы да коронавирус құрсауында. Індеттің өршуіне байланысты карантиндік шектеулер қайта қатаң тартып, коменданттық сағат енгізілетін болды.

Шешім 12 шілдеден бастап күшіне еніп 2 аптаға созылады. Шектеулер індет өршіген Бангкок қаласы мен тағы 10 провинцияда жүзеге асады. Жаңа тәртіпке сай сауда орталықтары мен азық-түлік емес дүкендер жабылып, мемлекеттік және жекеменшік сала қызметкерлері мүмкіндігінше қашықтан жұмыс істеуге көшіріледі. Аймақаралық сапар шектеледі. Ал ресми дерекке қарағанда Таиландта вирусты жұқтырудың тәуліктік көрсеткіші 9 мыңнан асқан. Жергілікті жұрт ПТР-тест қымбат екенін айтып шағымдануда. Бангкоктағы ғибадатханада тегін тестілеу орыны ашылып, ұзын сонар кезек пайда болған.

Пилайпорн Сарассорн, Бангкок тұрғыны:

- Коронавирусқа қарсы тестілеу қолжетімді болу керек. Адамдар қазіргідей ұзын сонар кезекте тұрмауы тиіс. Осы жерге 3-4 рет келіп тест тапсыра алмай кеткендер бар. Сондықтан билік жағдайды ескеріп, тиісті шара қабылдағаны жөн.