Капитолий айналасындағы қабырға алып тасталады

АҚШ Конгресі отырған Капитолий айналасындағы дуал алына бастады. Биіктігі 2 метр 400 сантиметрге жететін қауіпсіздік қоршауы осыдан 6 айдан астам уақыт бұрын тұрғызылған еді.

Қоршауды бұзу жұмысы 3 күнге созылмақ. Дуалды салуға экс-президент Дональд Трамптың жақтастарының заң шығару кешеніне басып кіруі себеп болған. Шабуылдан 5 адам ажал құшты. Құрбандар арасында 2 полицей бар. Тағы жүзден астам тәртіп сақшысы жарақат алған. Қылмыстық әрекетке қатысқан 535-тен астам адам жауапкершілікке тартылды. Бүлікшілер Конгреске АҚШ Президенті Джо Байденнің сайлаудағы жеңісін заңдастыру шарасына кедергі жасамақ болған. Заң шығару органын қорғау үшін 20 мың сарбаз тартылды.