Тәжікстанда жер сілкінісінен 5 адам қаза тапты

Тәжікстанда жер сілкініп, 5 адам қаза тапты. Тағы 2 бала жарақат алып, ауруханаға түсті.

6 балдық зілзала ошағы Душанбеден 165 шақырым жерде солтүстік-шығыс аймақта тіркелген.

Алдын ала ақпарат бойынша жерасты дүмпулерінен бірнеше елді мекенде 20-ға жуық үй қираған. Президент Эмомали Рахмонның тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды. Комиссияны елдің премьер-министрі басқарады.

Тәжікстанда күші 6,4 балдық жер сілкінісі болды