423,75 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Лужники» стадионында Ресейдегі ең үлкен вакциналау орталығы ашылды

  • 134
  • UPD: 22:01, 10.07.2021

Мәскеудегі «Лужники» стадионында Ресейдегі ең үлкен вакциналау орталығы ашылды. Спорт кешені уақытша медициналық нысан болып қайта жасақталды. Мұнда негізінен шетел азаматтары екпе салдырады. Көрші елдегі вакциналау науқаны егілмеген адамдарға шектеу шаралары енгізілген соң жандана бастады. Бірнеше күннің ішінде Мәскеуде жүз мыңнан астам адам препараттың бірінші және екінші компонентін алды.

Бұл орталықта күніне кемінде 15 мың адам вакцина салдыра алады. Мұнда 3 алаңда таңғы 10-нан кешкі 10-ға дейін 25 дәрігер мен 100 медбике жұмыс істейді. Оларға 200-ден астам ерікті мен мемлекеттік қызмет көрсету орталықтарының мамандары көмектесіп жүр.

Марина Соколова, емхананың бас дәрігері:

- Шетел азаматтарына «Спутник Лайт» екпесін саламыз. Оны Гамалея институты әзірлеген, ол тіркелген төртінші ресейлік вакцина, қауіпсіз. Бағасы 1300 рубль тұрады, бұл арзан. Негізі вакциналар бұдан біршама қымбат.

Қазір шетелдіктер препаратты Мәскеудегі 4 ірі вакциналау орталығында және 25 қалалық емханада салдыра алады.

БЛИЦ:

- Жұмыс орнымнан талап етті. Еш жерім ауырмады. Бәрі ойдағыдай.

- Әзірге бәрі дұрыс. Ауырғым келмейді, сондықтан вакцина алдым. Осындай жағдай тудырғаны үшін Мәскеуге көп рақмет. 

Ресейде өткен жылдың желтоқсанынан бастап 3 миллион адам екпе салдырды. Олардың 2 миллионнан астамы екінші компонентті алып үлгірген. Шілдеден бастап жарты жыл бұрын егілгендер екінші рет вакцина салдыра алады. Ресейдің Өнәркәсіп және сауда министрлігі алдағы 3 айда елде ай сайын 30 миллион комплект екпе өндіріледі деп мәлімдеді.

Дана Нұржан

Хабар 24 телеарнасы