Барселонада шектеулер кезінде ерекше концерт өтті

Испанияның Барселона қаласының маңында коронавирус шектеулері кезінде ерекше концерт өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Музыкалық кешті 20 пластик шатырлар ішінде 40 адам тамашалады. Бұл Каталония аймағында осындай форматта өткен алғашқы концерт. Өңірде соңғы айларда індеттің беті біраз қайтып, 15 ай жабық тұрған түнгі клубтар ашылған еді. Бірақ маусымның ортасында «Дельта» штамы өршіп, 3 аптадан кейін қайта жабылды. Испания бойынша соңғы 14 күнде әр жүз мың тұрғынға 316 жағдай тіркелді. Әсіресе, 20 мен 29 жас аралығындағы тұрғындар көптен ауыра бастаған.