Сомали астанасында жарылыстан тоғыз адам көз жұмды

Сомали астанасы Могадишода жарылыстан тоғыз адам қайтыс болды деген ақпарат тарады.

Тағы ондаған тұрғындар жарақат алған. Қаскөйлер қалалық полиция басшысын өлтірмек болған. Қолдан жасалған жарылғыш затты көлік ішіне орналастырып, Могадишо полициясының бастығы Фархан Каролеге бағыттаған. Кароле зардап шеккен жоқ. Есесіне бейбіт халық жапа шекті.