Ресейдің Челябі облысында алапат өрттен жүздеген адам эвакуацияланды

Ресейдің Челябі облысында алапат өрт болып, жүздеген адам басқа жаққа көшуге мәжбүр болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

От 14 мың гектар аумақты жалмап үлгерген. Ондаған ауыл күлге айналған. Өкінішке қарай, 1 адам көз жұмды. Өрт сөндірушілерге екпіні секундына 150 метрге жеткен күшті жел кедергі жасаған. Елдің Төтенше жағдай министрлігі мұны «отты дауыл» деп атады.

Блиц 1:

- Доңыздар, қояндар мен 40 тауық жанып кетті. Тығылып қалған бір әтеш пен бір тауық тірі қалды.

Блиц 2:

- Саяжайымызды көруге келдік. Көшенің аяқ жағы аман. Ал мына жер күлге айналған.

Сондай-ақ...