Канаданың шығысындағы қуаңшылық ауыл шаруашылығын тығырыққа тіреді

Канаданың шығысында күн ысып, аптап жерді құрғатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаңшылық орнады. Әсіресе, ауыл шаруашылығы зардабын тартып, шығынға ұшырауда. Британиялық Колумбия проивинциясында егіс алқабының өнімділігі 60%-ке азайды. Азық-түлік дүкендерінде таңқұрайдың бағасы 30%-ке көтерілді. Ыстық ауа райының салдарынан қаражидектер ерте пісіп, жарамсыз болып қалған. Құс өсіру саласы да зардап шегуде. Оларды сақтайтын орындардағы желдеткіштердің күші аптапты басуға жетпей жатыр.

Тимоти Кендрик, кәсіпкер:

- Иә, түсінеміз. Құрғақшылық қазір тек біздің елде ғана болып жатқан жоқ. Бұл бүкіл әлемге тән қиыншылық болып отыр. Бұдан былай бәріміз азық-түлік қауіпсіздігін ойластыруымыз керек сияқты. Дәнді дақылдардың өсірудің дәстүрлі емес, тиімді әдіс-тәсілдеріне көбірек көңіл бөлуіміз қажет.