Кубаның құзырлы мекемесі елдің «Абдала» вакцинасын мақұлдады

Кубаның құзырлы мекемесі коронавирусқа қарсы «Абдала» деп аталатын отандық вакцинасын мақұлдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Препараттың тиімділігі 93% жағдайда расталған. Екпені Генетикалық инженерия және биотехнология орталығы жасаған. Қазір тағы жергілікті 4 вакцина тексерістен өтіп жатыр. Ел билігінің мәлімдеуінше, Кубада соңғы күндері өлім-жітім өсіп, мыңдаған адам ковид жұқтырды. Денсаулық сақтау министрлігі вакцинаның бірінші дозасын 3,5 миллион, ал екінші дозасын 3 миллиондай тұрғын салдырғанын айтады.

Марта Аяла, Генетикалық инженерия және биотехнология орталығының басшысы:

- Жаңадан мақұлданған препарат Кубадағы вакциналау қарқынын арттырады деп сенеміз. Осылай індетті тез арада жеңуге жол ашылды. Бұл екпеге басқа елдер де тапсырыс бере алады.

Сондай-ақ...