Мәскеудегі «Қызыл алаңда» өнер көрмесі өтіп жатыр

Мәскеудегі «Қызыл алаң» өнер ордасына айналды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда Ресей суретшілерінің қолынан шыққан дүниелер қойылды. Бұл жерден үшбұрышы бар жұлдыз, салбыраған таяқтардан жасалған орман сияқты сан түрлі конструкцияларды көріп, мәнісін идея авторларының өзінен сұрап-білуге болады. Іс-шара «Шие орманы» атты ашық аспан астындағы фестиваль аясында ұйымдастырылды. Абстрактілі мүсіндердің өзіндік айтар ойы мен философиясы бар. Әрі өнер туындылары түрлі тарих пен оқиғалардан сыр шертеді. Кремль алдындағы көрме қыркүйекке дейін жалғасады.