Түркияда жол апатынан 12 адам көз жұмды

Түркияның шығысында автобус апатқа ұшырап, 12 адам ажал құшты. Тағы 26-сы жарақат алды.

Қайғылы оқиға Иранмен шекараға жақын маңда болған.

«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, көлікте Ауғанстан, Пәкістан және Бангладештен келген мигранттар отырған. Автобус жол жиегіндегі шұңқырға құлап, кейін өртенген. Көлік жүргізушісі қамауға алынды. Негізі Түркия мигранттарды Еуропаға тасымалдайтын негізгі дәліздердің бірі. Иран, Ауғанстан мен Пәкістаннан шыққан босқындар түрік шекарасына дейін жаяу келіп, әрі қарай Ыстамбұл мен Анкараға кемемен жетеді.