Молдовада кезектен тыс парламенттік сайлау өтіп жатыр

Бүгін Молдова Республикасында кезектен тыс парламенттік сайлау өтіп жатыр, деп хабарлайды МОЛДПРЕСС-ке сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

101 депутаттық мандат үшін 20 саяси партия, екі сайлау блогы және бір тәуелсіз кандидат қатысуда. Дауыс беру учаскелері 07:00-де ашылды, 21:00-де жабылады.