424,60 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайда топан судан 5 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді

  • 129
  • UPD: 20:00, 11.07.2021
Қытайда топан судан 5 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді

Қытайдың оңтүстік-батысын тасқын су басып, 5 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Сычуань провинциясында өткен жұмадан бастап толассыз жауған нөсерден кейін 14 өзен арнасынан тасыды.

Ресми мәлімет бойынша 120 мыңнан астам тұрғын апат зардабына ұрынды. 300 мыңдай үй жарықсыз отыр. Ауыл шаруашылығына жарамды 5 мыңға жуық гектар алқапты су шайып кеткен. Табиғи апаттан қазірдің өзінде 27 миллион доллар зиян келді. Синоптиктер жаңбыр әлі бірнеше күн жауады деп ескертіп отыр. Кейбір қалаларда сақтық шараларының ең жоғары деңгейі жарияланды.

Хабар 24 телеарнасы