424,60 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ: Майами Дейд округінде үй апатынан қаза тапқан адам саны 90-ға жетті

  • 90
  • UPD: 21:56, 11.07.2021
АҚШ: Майами Дейд округінде үй апатынан қаза тапқан адам саны 90-ға жетті

Құтқарушылар Флорида штатының Майами маңындағы Сёрфсайд қаласында құлаған үйдің үйінділері астынан тағы төрт мәйітті алып шықты. Қаза тапқандар саны 90-ға жетті.

Бұл туралы Майами Дейд округінің мэрі Даниэлла Левин Кава округтің Facebook трансляциясында журналистермен баспасөз брифингі кезінде айтты.

Сонымен қатар Кава 31 адамның тағдыры белгісіз күйде қалып отырғандығын мәлімдеді.

Еске сала кетсек, Сёрфсайдтағы көп қабатты тұрғын үй 24 маусымға қараған түні құлады. Бірінші күні үйінділер астынан 37 адам шығарылды, бірақ содан кейін тірі қалғандар табылмады.

Ал 7 шілдеде билік құтқару жұмыстарын тоқтатты. Қазір апат орнында қаза тапқандардың мәйітін іздестіру жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы