Техаста атыстан бір адам қаза тапты

Техас штатындағы Эль-Пасо қаласында болған атыс салдарынан бір адам қаза тапты, тағы бес адам ауыр жарақат алды.

Атыс қала маңындағы жазық далада болған. Ол жерде жергілікті тұрғындар әдетте от жағып, кештер өткізеді.

Оқиға салдарынан 21 жастағы жігіт қаза тапты. Атыс себептері анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде.