Грузияда жаппай наразылық шеруі өтті

Грузияда тағы да жаппай наразылық шеруі өтті. «Өмір үшін күрес» деген ұранмен басталған үкіметке қарсы акция елдің бүкіл қалаларында жүрді.

Оған теле-оператор Леско Лашкараваның белгісіз жағдайда қайтыс болуы түрткі болды. Суық хабарды ести сала халық Тбилисидегі парламент алдына жиналып, Премьер-министрдің отставкаға кетуін талап етті. Шерушілер билік талапты орындамаса наразылық акциясын жалғастыра беретінін айтады. Лашкарава шілденің бесі күні шеру кезінде соққыға жығылып, ауруханаға түскен еді. Кейін теле-оператор пәтерінде өлі күйінде табылады. Оның неден қайтыс болғаны әлі белгісіз.

Тбилисиде шілде айының бас кезінен «ар-намыс аптасы» деген атаумен бірқатар шара ұйымдастырылған еді. 5 шілде күні көшеге шығып шеру өткізбек болғанда қақтығыс болып, бұқаралық ақпарат құралының 50 өкілі жапа шекті. Кейін шеру өтпейтіні жарияланып, елде наразылық туды.