424,60 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кубада билікке қарсы жаппай наразылық басталды

  • 196
Кубада билікке қарсы жаппай наразылық басталды

Тұрғындар үкіметтің пандемиямен күресте тиісті шаралар қабылдамай, індеттің өршуін тоқтата алмағанына наразылық танытып жатыр.

Шеру кеше Сан-Антонио-де-лос-Баньос қаласында елде коронавирусты рекордтық жұқтыру дерегі тіркеле салысымен басталды. Ашынған халық көшеге шығып, биліктен адамдарды вакцинамен қамтамасыз етуден бастап электр энергиясын өшіруді тоқтатуға дейін талап етті. Шеру лезде бүкіл ел аумағына тарап барлық қалаларда мыңдаған адам көшеге шықты. Тұрғындар «коммунизм жойылсын», «еркіндік» деп ұрандатты. Билік болса толқу сыртқы күштердің ықпалымен жүріп жатыр деп, жақтастарын батыл әрекет етуге шақырды. Көшелерде қарулы әскерилер көбейген.

Джовани Гонсалес, шеруші:

– Биліктің халықты қуғын-сүргінге ұшыратып, қысым көрсетуін жалғастырып келеді. Көп адамдар аш жүр. Қиындықты бастан кешуде. Гавана күйреп тұр. Билік қарапайым халықта тіпті тамақ сатып алатын ақша жоқ екеніне қарамасатн қымбат қонақ үйлер салып жатыр. Біз бұған қарсымыз.  

АҚШ-тағы кубалықтар отандастарына қолдау білдіріп жатыр.

АҚШ-та Куба халқының билікке қарсы күресіне қолдау білдірді. Майами қаласында аралды елдің өкілдері жиналып, отандастарын коммунистік режимге қарсы күресті жалғастыруға үндеді.  Ал АҚШ конгрессі президент Джо Байденге Кубадағы іске араласуға шақырды.

 

 

Хабар 24 телеарнасы