Брэнсон ғарыштан жерге оралды

Бақытты Брэнсон. Миллиардер Ричард Брэнсон туралы айтқанда енді осылай деуге де болады.

Рас, қалтасы қалың Ричард онсыз да бақытты еді. Бірақ ғарышқа саяхат жасап келген соң оның арманы түгенделе түсті. Американың айтулы миллиардері үш жолаушымен бірге саяхаттан оралды. Брэнсон өзінің бәсекелесі Джефф Безостан 9 күн бұрын ерте ұшып, осы бағыттағы туризмнің мүмкіндігін көрді. Брэнсон мінген ғарыш кемесі Нью-Мексика штатындағы шөлейттен ұшып, 15 шақырымға дейін көкке көтерілді. Содан кейін сахатшылар мінген Ю-нити ғарыш ұшағы зымыраннан бөлініп шығып 90 шақырымға дейін биіктеді. Сапар 2 сағатқа созылып, саяхатшылар жерге аман-есен оралды.

Ричард Брэнсон, Virgin Group компаниясының негізін қалаушы:

– Барлығы ертегідей болды. Ғарыштан жер шарын тамашалау қандай ғажап. Енді өзге адамдар үшін де осындай мүмкіндік пайда болады. Біз Джефке және онымен аспанға саяхаттайтын азаматтарға сәттілік тілейміз.

Брэнсонның сапары ғарышқа саяхттауды қалайтындарға жол ашты. Келесі жылдан бастап тұрақты ғарыш турлары ұйымдастырылады. Бір билеттің құны 250 мың доллар тұрады. Келесі жылға 700 билет сатылып қойған.